Ұлттық қор-балаларға
Қаржы • 20 Желтоқсан, 2023
Ұлттық қордан балаға ақша түсу үшін ата-ана не істеу керек?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 16 қараша күні Ұлттық қордан балаларға ақша төлеу туралы заңға қол қойды. Құжатта қаралған мәселе 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге аса бастайды. Яғни, Ұлттық қорға түскен инвестициялық табыстың 50 пайызы 18 жасқа толмаған балалардың есепшотына аударылып отырады, деп жазады Egemen.kz.